Аты аңызға айналған Месси аталған ойында тағы бір гол соқты. Ол өз әлеуметтік желісінде жарыстың ақтық сатысына жеткені жайлы жазба қалдырды.
«Біз финалға шығу үшін аянбай тер төктік, біздің қолдан келді!», - деп жазды Месси Instagram желісіндегі соңғы жазбасында.
Еске салсақ, Месси кезекті голын салып, «Интер Майами» тарихындағы ең үздік сұрмергендер арасында үшінші орынға шықты.
Мессидің командасы Лига кубогының финалында «Нэшвилл» командасымен ойнайды. Жартылай финалда «Нэшвилл» «Монторрей» командасынан 2:0 есебімен басым түсті. Финалдық матч 19 тамыз күні өтеді.