Кездесу сейсенбі күні Ла-Паседе өтіп, боливиялықтардың пайдасына 2:0 есебімен аяқталды. Голдардың авторлары: Хуан Карлос Арсе (31-минутта) және Марсело Морено (52).
Матчқа Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси қатыспады. 29 жастағы футболшы төрөшені балағаттағаны үшін Халықаралық футбол федерациясымен (ФИФА) төрт матчқа шеттетілген болатын.
Іріктеу кезеңінің аяқталуына төрт матч қалды, Аргентина құрамасы 22 ұпаймен топтағы төртінші орында тұр. Бұл аргентиналықтарға Ресейдегі әлем чемпионатына қатысуға мүмкіндік береді. Боливия командасы 10 ұпаймен - тоғызыншы орында.