Лисаков қаласында 75 жастағы кейуана балконнан құлап көз жұмды

Фото: None
ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат – Лисаков қаласында зейнеткер балконнан құлап, көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға Лисаков қаласындағы №3 шағын ауданда болған.

«Бес қабатты үйдің балконынан абайсызда 1944 жылы туған әйел құлап кетті. Зейнеткер оқиға орнында көз жұмды» делінген ведомствоның ақпаратында.

Соңғы жаңалықтар