Бұл жағдайды жергілікті әкімдік мамандары түсіндірді.
Айтуынша, коммуналдық апат сенбі күні болған. Содан бері жұмыс жүріп жатыр. Қазіргі уақытта жүйе суға толтырылып, қысым қалпына келтірілу үстінде.
— EXPO айналма жолы ауданындағы кәріз коллекторында болған апаттық жағдайға байланысты 6 қаңтар сағат 16:00–ден бастап апат жойылғанға дейін қала мен коттедждерге суық сумен жабдықтау тоқтатылды. Тұрғындарға алдын ала ескертіп, 12 сағатқа жететін ауыз су қорын дайындауға кеңес бердік. Сондай-ақ су өшіп тұрғанда шаруашылық-тұрмыстық кәрізді пайдаланбауды өтіндік, — деп хабарлады әкімдік.