Лисаковскіде пара алғаны үшін арнайы күзет қызметкері құрықталды

ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСЫ. 23 ақпан. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ - Сейсенбі күні сот Қостанай облысының ҚР ІІМ Мамандандырылған күзет қызметі басқармасының полиция ротасының бөлімше командирі Қазыбай Шаекеновты құрықтауға санкция берді.

Облыстық Экономикалық және жемқорлық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің баспасөз хатшысы Гүлмира Жұмақова хабарлағандай, командир өз қол астындағы қызметкерден 25 мың теңге пара алған. Күдікті азамат қылмыс жасау кезінде құрықталды.

Зардап шеккен азамат тергеушілерге айтқандай, ол командирге ақшаны «қызметте жалпы қамқорлық көрсеткені» үшін берген.

Шаекеновке қатысты бопсалау арқылы пара алу бойынша қылмыстық іс қозғалды. Г.Жұмақова атап өткендей, «Іске қатысты өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты әзірше берілмейді».