АСТАНА. KAZINFORM - Таиландтың Бангкок қаласында өтетін бокстан Олимпиадаға іріктеу турнирінің екінші жарыс күнінде, 26 мамырда Мұхамедсабыр Базарбайұлы (63.5 келі) шаршы алаңға шығады.
Жекпе жек Қазақстан уақытымен 12:00-де басталады.
Айта кетсек, 25 мамырда Назым Қызайбай (50 келі) Николь Дурикованы жеңіп, жарыстың келесі сатысына шықты.
Сондай-ақ, әйелдер құрамасында Ұлжан Сәрсенбек (54 келі), Римма Волосенко (60 келі), Наталья Богданова (66 келі) мен Валентина Хальзова (75 келі) ел намысын қорғайды.
Еліміздің ерлер құрамасы бұған дейін Олимпиаданың 6 жолдамасын жеңіп алды. Атап айтқанда, Сәкен Бибосынов (51 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Асланбек Шымбергенов (71 келі), Нұрбек Оралбай (80 келі), Айбек Оралбай (92 келі) және Қамшыбек Қоңқабаев (92 келіден жоғары) бар.
Ал әйелдер құрамасында Карина Ибрагимова (57 келі) Олимпиада ойындарына жолдамаға ие болды.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.