Лицензиялық турнирге іріктеу: Бүгін шаршы алаңға кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, яғни 8 сәуір күні Астанада Таиландтағы лицензиялық турнирге қатысатын боксшыларды іріктеу жекпе-жектері басталады.

Фото: freepik.com

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті мәлім еткендей, аталған бәсеке екі күнге созылмақ. Осы жаряс аясында жеті кездесу жоспарланған. Оның бірі финалдық жекпе-жек. Әйелдер арасында 50 келі салмақта Алуа Балқыбекова мен Назым Қызайбай өзара мықтыны анықтайды.

Бүгін шаршы алаңға шығатын жұптар:

Мұхамедсабыр Базарбайұлы - Ертуған Зейнулинов (63,5 келі, 1/4 финал)

Алуа Балқыбекова - Назым Қызайбай (50 келі, финал)

Балауса Мұздыман - Жайна Шекербекова (54 келі, 1/4 финал)

Элина Базарова - Ұлжан Сәрсенбек (54 келі, 1/4 финал)

Дина Жоламан - Сымбат Әлиасқар (54 келі 1/4 финал)

Сәния Сұлтанқызы - Анель Сақыш (54 келі, 1/4 финал)

Дариға Шәкімова - Наталья Богданова ( 66 келі, 1/4 финал).

Естеріңізге сала кетейік, кеше аталған турнирге қатысатын боксшылар арасында жеребе тарту рәсімі өткенін жазған болатынбыз.

Жекпе-жектер әр күні сағат 16:00-де басталады. Спаррингтер жабық түрде өтеді. Алайда БАҚ өкілдері мен жанкүйерлер үшін QAZSPORT телеарнасында жекпе-жектер тікелей эфирден көрсетіледі.