"Қазақстанда бүгін мерекелік күн: Парламент құрамын сайлау өтуде. Байқаушы ретінде біз көптеген сайлау учаскелерінде болып қайттық. Адамдар сайлауға белсенді қатысып, заң шығарушы билікті таңдауға көп келгенін көрдік. Шынын айтайын, ешқандай заңбұзушылықтар көрмедік. Адамдармен сөйлестік, барлығының көңілдері жайдары. Сайлаушылардың жоғары белсенділігі бізді тәнті етті", - дейді ол.
16:13, 20 Наурыз 2016
Литва байқаушысы Қазақстан xалқының сайлаудағы белсенділігіне тәнті болды
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауына xалық өте көп келуде. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісін сайлау барысын бақылауға келген шетелдік делегаттардың баспасөз мәслиxатында Литва атынан келген xалықаралық байқаушы Йонас Ягминас мәлім етті.