Литва газ бағасын «жосықсыз» қымбаттатқаны үшін Газпромды сотқа береміз деп қыр көрсетті

АСТАНА. 4 наурыз. ҚазАқпарат - Литва Газпромнан газ бағасын «әділ» қоюды талап етуде. Олай болмаған жағдайда Вильнюс істі халықаралық тергеуге бермек.

Мұндай мәлімдемені кеше Балтық жағалауы мемлекетінің энергетика министрі Арвидас Секмокас жасады, деп хабарлайды РБК.

"Вильнюстегі кеңесте ведомство басшысы Газпром қойып отырған баға Литваның бас газ компаниясы Lietuvos Dujos-ты жекешелендіру кезінде қол жеткізілген келісімді бұзып отырғанын атап өтті, осыған байланысты ел билігі бұл мәселе бойынша Ресейдің газ алпауытынан түсінік беруді талап етуде", - деп хабарлайды Reuters агенттігі.