Литва қазақ инвестициясын күтеді - Алгирдас Буткявичюс
«Осы мүмкіншілікті пайдалана отырып сіздерді 5-6 маусым күндері Клайпедада өтетін «Жаңа Жібек жолы - Еуропа мен Азия арасындағы сенімді байланыс» атты конференцияға қатысуға шақырамын. Қазақстан Кәсіпкерлері серіктес ретінде литвалық нарықта жұмыс істеуде», - деді ол қазақстандық кәсіпкерлерге қарата.
А.Буткявичюстің атап өтуінше, Литвада өте тиімді инвестициялық ахуал қалыптасқан. Мұнан бөлек, елдің салықтық базасы да тұрақты. Литвада 7 арнайы экономикалық аймақ, 4 индустриалды парк, 5 ғылымның интеграцияланған орталығы, бизнес студиясы, зерттеу және даму орталықтарының желісі құрылған.
«Бұған қоса, Литва Балтық өңірі мен Батыс Еуропа елдері тұтынушыларының нарықтарына да шығуға мүмкіндік береді. Литваға қазақ инвестициясының ағылуын күтеміз және литвалық кәсіпкерлердің қазақстанға инвестиция салуын да қолдаймыз», - деді Литва Үкімет басшысы.