Литва премьер-министрі жемқорлыққа қатысты даулы оқиғадан кейін отставкаға кетті

Фото: Oxu.az

АСТАНА. KAZINFORM – Жақында сыбайлас жемқорлық дауынан кейін екі апталық демалысқа шыққан Литва премьер-министрі Гинтаутас Палукас бұл қызметтен, сондай-ақ Литва социал-демократиялық партиясының төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Kazinform DW-ге сілтеме жасап.

Гинтаутас Палукас 2024 жылдың желтоқсанынан бері Литва премьер-министрі қызметін атқарды. 

Литва конституциясына сәйкес, премьер-министр отставкаға кеткеннен кейін бүкіл үкімет отставкаға кетеді. Бірақ президент министрлерге жаңа коалиция мен үкімет құрылғанға дейін уақытша жұмыс істеуді тапсыра алады. 

Премьер-министрге сыбайлас жемқорлыққа қатысты айыптаулар мамыр айының соңында Laisvės TV журналистік YouTube арнасы мен Siena журналистік зерттеу орталығының бірлескен зерттеулері жарияланғаннан кейін келе бастады. Онда Палукас пен оның іскер серіктесі 2024 жылдың қаңтарында құрған Granis компаниясы бұрынғы премьер-министр болып тұрған кезде ILTE мемлекеттік даму банкінен 200 мың еуро жеңілдетілген несие алғаны айтылған. 

Содан кейін Палукас өзі басқарған Sagerta компаниясына кәсіпкер Дариуш Вильчинскимен байланысы бар Uni Trading компаниясынан жүздеген мың еуро көлемінде несие алды және қайтармады деп айыпталды. 2012 жылы Палукас дәл сол кәсіпкердің компаниясынан 223 мың еуроға үй сатып алған-мыс. Сол жылы кипрлік компания болашақ премьер-министрге Вильнюстегі пәтерді астаналық әкімшілікте жұмыс істеп жүргенде өзі құрған учаскеде нарықтық емес бағамен сатты. 

2024 жылы құрылған және премьер-министрдің әпкесі Вирджиния Пальцоукас басқаратын Dankora компаниясының Друкай ауылында электр көліктерін зарядтау инфрақұрылымын дамытуға ЕО-дан 200 мың еуро жеңілдетілген несие алғаны және Garni компаниясынан жабдық сатып алғаны туралы журналистердің ақпаратынан кейін оған қатысты даулы оқиға өрши түсті. 

Алғашқы журналистік материал жарияланғаннан кейін қызметтік этика жөніндегі бас комиссия өз бетінше тексеру жұмыстарын бастады. Палукастың өзі журналистердің жарияланымдарын «қисынсыз» деп атады және ұзақ уақыт бойы мүдделер қақтығысы туралы барлық айыптауды жоққа шығарып, оларды саяси бәсекелестерінің шабуылы деп түсіндірді. 

24 шілдеде Литва президенті премьер-министрге халықтың сұрақтарына жауап беріп, жұмысын жалғастыру туралы ойлануға екі апта уақыт берді. Содан кейін Палукас «ұзақ жоспарланған» екі апталық демалысын жариялады. 

Еске салсақ, бұған дейін Линда Яккарино X әлеуметтік желісінің бас директоры қызметінен кеткенін жазған едік.