Литва президенттігінен үміткерлердің тізіміне 13 адам енді

ВИЛЬНЮС. Наурыздың 14-і. ҚазАқпарат - Литва президенттігінен үміткерлердің тізіміне 13 адам кірді, делінген кеше, наурыздың 13-і күні үміткерлерді тіркеуді аяқтаған Литваның Бас сайлау комиссиясы өзінің мәлімдемесінде.

Сайлау туралы заңнамаға сәйкес, президенттікке кандидаттар сәуірдің 2-сіне дейін өзін қолдаушы 20 мың адамның қолдарын жинаулары керек. Әзірге бұл міндетті екі адам - еуропарламентші Даля Грибаускайте мен «Тәртіп және әділеттік» партиясының өкілі Валентинас Мазуронис қана орындай алды. Литвада президенттік сайлаудың бірінші кезегі мамырдың 17-сінде өтеді.