Литвада бүгін парламент сайлауы өтеді
13:35, 14 Қазан 2012
АСТАНА. 14 қазан. ҚазАқпарат - Литва бүгін жаңа парламентін сайлайды. Егер 25 пайыздан астамы дауыс берген жағдайда сайлау өткен болып есептеледі.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, бұл науқанға 2,579 литвалықтың қатысу құқы бар.
Еске сала кетсек, Сеймді (бір палаталы) 141 депутат құрайды. Осы елде 25 жыл тұрған азамат қана Парламент депутаты бола алады.
Осы жолы депутаттық мандат үшін үміткерлер саны рекордтық көрсеткішке тең болып отыр - 2 мың, бұл осыдан бұрынғы сайлаудан 500-ге артық.