Бірінші апат жұма күні Кедайняй ауданындағы Гуджюнай станциясында болды. Рельстен қиыршық тас тиелген үш вагон шығып кетті.
Сенбі күні Каунас ауданында локомотив пен метанол тасымалдаған бірнеше жүк вагоны рельстен шықты.
Екі жағдайда да ешкім зардап шеккен жоқ. Метанол (метил спиртінің) төгілген жоқ. Хабарланғандай, Каунас ауданындағы апатқа байланысты көрші жолдарда да қозғалыс тоқтатылып, оқиға 20-дан астам жолаушылар пойызына әсер етті.
Апаттарды тергеуді Әділет министрлігінің қауіпсіздік мәселелерін зерттеу бөлімі, «Летувос гележинкеляй» (Литва темір жолдары) мемлекеттік компаниясы және полиция департаменті жүргізіп жатыр. Полиция техникалық ақау нұсқасын қарастыруда. Департамент мәліметінше, әзірге қылмыстық әрекет белгілері анықталған жоқ.
Айта кетейік, Алматы облысындағы теміржол өткелінде автобус пен пойыз соқтығысып, салдарынан алты адам түрлі жарақат алды.