Науседаның бәсекелестері арасында консерваторлар ұсынған премьер-министр Ингрида Шимоните мен тәуелсіз кандидат заңгер Игнас Вегеле бар.
Сайлау науқанында Украинадағы соғыс пен Литваның ұлттық қауіпсіздігі басты назарда болды.
Жеңіске жету үшін кандидат 50 пайыздан астам дауыс жинауы керек. Үміткерлердің ешқайсысы мұны орындай алмаса, елде екі аптадан кейін дауыс берудің екінші кезеңі өтеді.
Бірінші турдың алдын ала қорытындысы түн ортасынан кейін белгілі болады. Сайлауға сайлаушылардың 59 пайыздан астамы қатысты.
Литва президенті тікелей жасырын дауыс беру арқылы бес жыл мерзімге сайланады. Үміткерлердің жас шегі – 40 жас. Өтініш беруші шыққан тегі бойынша Литва азаматы болуы және елде кемінде соңғы үш жыл тұруы шарт.