28 наурызда Қазақстанның Литвадағы Елшілігінің қолдауымен Вильнюс, Каунас және Клайпеда қалаларында оқитын 15 қазақстандық студент Минск арқылы Нұр-Сұлтан мен Алматыға ұшты.
«Белавиа» әуекомпаниясымен орындалатын бағыт - Отанымызға оралатын бірнеше бағыттың бірі.
«Наурыз айының ортасынан бастап - халықаралық әуе қатынастарының тоқтатылған уақытынан бері Елшіліктің қолдауымен 50-ден астам қазақстандық үйлеріне аман-есен оралды. Олардың арасында литвалық жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген қазақстандық студенттер, «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өткендер бар», - делінген баспасөз хабарламасында.