Экономист Науседа бұрын Литва Банкінің басқарма мүшелерінің бірі болған, саясатқа да жекеменшік банк секторынан келген. Бірде бір партиямен байланысы жоқ, экономиканың либералды моделін жақтайды.
Науседаның екінші раундтағы басты қарсыласы - бұрын қаржы министрі, парламент депутаты болған Ингриде Шимоните. Оның кандидатурасын «Отан одағы - Христиан демократтары» консервативтік партиясы ұсынған. Алайда ол екінші турда Науседадан айтарлықтай артта қалып қойды.
Айта кетейік, 12 мамырда өткен сайлаудың бірінші турында Ингрида Шимоните 31,3%, Гитанас Науседа 30,9% дауыс жинаған еді.