АСТАНА. ҚазАқпарат - Литвада жекеменшік ранчодан 110 бизон қоршауды бұзып, қашып кетті. Олардың кейбірі орман арасына кіріп кетсе, бір бөлігі ғана қашаға қайта оралды, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Қазіргі уақытта жергілікті фермерлер егістік алқаптарын таптап кетеді деп алаңдап отыр. Егер бизондар еркіндікте қалатын болса, онда олар зубрлармен будандасуы мүмкін деген де қауіп бар.
БАҚ өкілдерінің ақпаратына қарағанда, бүгін жергілікті фермерлер жол талғамайтын көліктерге мініп, бизондарды қаумалап қашаға қарай айдауға әрекеттеніп жатыр. Егер жануарлар айдауға көнбесе оларды атып тастауы да мүмкін.
Марлан Жиембай
Абай облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. 2005 жылдан бері "ҚазАқпарат" халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істейді.