Ливан астанасындағы күшті жарылыс салдарынан қонақүй қызметкерлері зардап шекті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сәрсенбі күні Ливан астанасында күшті жарылыс болды.

Жергілікті "Дэйли стар" газетінің хабарлауынша, оқиға Бейруттегі "Дюрой" қонақүйін мекен етушілердің бірін жекелей тексеру кезінде орын алған. Жергіліктің БАҚ-тың хабарлауынша, қонақүй тұрғыны бөлмесіне күзетшілер кірген сәтте жарылғыш затты іске қосқан. Салдарынан қонақүй қызметкерлерінің бірі оқиға орнында қаза тауып, тағы екі адам жарақаттанған. Алдын-ала мәліметтер бойынша терроршы Сауд Арабиясының азаматы болып шықты. Ливандық тәртіп сақшылары осы терактіге қатысы бар екінші лаңкесті залалсыздандырып үлгерді. Елдің ІІМ-нің хабарлауынша, құқық қорғау органдарының өкілдері аталмыш қонақүйге жақын маңайдағы ішіне мина қойылған автокөлікті де дер уақытында анықтаған. Жарылыс нәтижесінде төртінші қабаттан шыққан өрт ғимаратқа жайылған. Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс жасауда, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.