Ливан Израильмен бейбіт қарым-қатынаста болғысы келеді

АСТАНА. KAZINFORM – Ливанның сыртқы істер министрі Абдулла Бу Хабиб Израильдің сыртқы істер министрі Исраэль Кацқа арнайы үндеу жолдады. Онда министр екі ел арасында неліктен соғыс болғанын қаламайтынын түсіндірген, деп жазады The Jerusalem Post басылымы.

Фото: MTV Lebanon

«Сейсенбі күні Израиль министрімен сөйлесіп, Әзербайжан сыртқы істер министрі Джейхун Байрамов арқылы сәлемін жолдаған Бу Хабиб «Біз бейбіт қарым-қатынасты қалаймыз, бізге соғыстың керегі жоқ»,-деп мәлімдеді.

The Jerusalem Post басылымы бұл туралы Кацқа сілтеме жасап хабарлады.

Ливан мен Израиль арасында дипломатиялық қарым-қатынас жоқ, сол себепті олар үшінші жақтың көмегімен қатынасады.

Ливан сыртқы істер министрі үндеуін Израиль мен Ливандағы «Хезболла» қозғалысының арасы шиеленісіп тұрған сәтте жолдады.

Соңғы апталарда Израиль мен «Хезболла» арасындағы соғыс әрекеттері айтарлықтай үдей түскен.

Бірқатар мемлекет өз азаматтарын Ливаннан кетуге шақырды. АҚШ болса жағдай күрделене түссе, бұл елден өз азаматтарын эвакуациялауға дайын екенін мәлімдеді.