Ливан қорғаныс министрінің көлігіне оқ атылды

БЕЙРУТ. ҚазАқпарат – Ливан әскери ведомствосының басшысы Морис Салим отырған көліктің артқы терезесіне екі оқ тиген. Билік қастандық нұсқасын жоққа шығармайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Euronews-ке сілтеме жасап.

Фото: pixabay.com

Бейрут маңайында Ливан қорғаныс министрінің кортежіне оқ жаудырылған. Төтенше жағдай бейсенбі күні күндіз Хазмие кварталында болды. Әскери ведомство басшысының міндетін атқарушы Морис Салим отырған көліктің артқы терезесіне екі оқ тиген. Ешкім зардап шеккен жоқ.

Министр әлеуметтік желіде жазғандай, терезенің қорғаны зақымдалған, бірақ оқ өтпеген. Ливан ІІМ басшысы Бассам Мавлави мәлімдегендей, қауіпсіздік қызметі оқиғаның мән-жайын тергеп жатыр.Айта кетсек, төтенше жағдай болған жерге жақын маңда «Хезболла» шейіт тобы мүшесін жерлеу рәсімі өтіп жатқан. Ол бір күн бұрын Кахалиде өлтірілген болатын. Рәсімге қатысушылар дәстүр бойынша ауаға оқ атқан. Қаңғыған оқ осы аудандағы бірнеше дүкеннің терезесін зақымдады.