Бейруттағы Рафик Харири атындағы халықаралық әуежайында өткен қайырымдылық рәсіміне қатысқан Ливанның денсаулық сақтау министрі Фирас Абъяд бұл көмекті «ауруханалар мен денсаулық сақтау секторындағы қиын жағдайға байланысты маңызды көмек» деп атады.
— Бұл біздің ауруханаларымыздың жұмысын жалғастырып, медициналық көмекке мұқтаж 1,2 миллион адамға көмегін тигізеді, — деді Фирас Абъяд.
ЮНИСЕФ-тің Ливандағы өкілі Эдуард Бейгбедер шара барысында дәрі-дәрмек көлемі 67 тоннаны құрайтынын, «бірнеше ауру түріне ұшыраған 700 мың адамға көмек көрсете алатынын» айтты.
Сондай-ақ жексенбі күні түстен кейін Ливан премьер-министрі Наджиб Микати сапармен келген БҰҰ-ның босқындар ісі жөніндегі Жоғарғы комиссары Филиппо Грандимен кездесіп, оны Ливандағы сириялық босқындар дағдарысын шешуге көмектесуге шақырды.
— Мыңдаған ливандық өз отанында босқынға айналды және Ливан бұдан былай сириялық босқындардың ауыртпалығын көтере алмайды, — деді Н.Микати өз кеңсесі таратқан мәлімдемеде.
Н.Микати бұл азапты тоқтатудың жалғыз шешімі — Израиль агрессиясын тоқтатып, 1701 резолюциясын орындау үшін дереу атысты тоқтату керектігін айтты.