Ливанда эмигранттар парламент сайлауына дауыс бере бастады

БЕЙРУТ. ҚазАқпарат – Ливанда Парламент сайлауы өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат AP агенттігіне сілтеме жасап.

Таяу Шығыстағы он елде тұратын 31 мыңға жуық Ливан азаматы жұма күні басталған сайлаудың бірінші турында дауыс береді. Дауыс беру Ливанның аймақтағы дипломатиялық өкілдіктері ұйымдастырған 13 сайлау учаскесінде өтіп жатыр.

8 мамыр, жексенбіде әлемнің басқа елдерінде, соның ішінде АҚШ, Канада, Австралия, Ресей, Еуропа Одағына мүше мемлекеттер және бірнеше Африка елдерінде шамамен 195 мың ливандық дауыс береді.

Ел ішінде парламенттік сайлау 15 мамырда өтеді.

Айта кету керек, шетелде орналасқан Ливан диаспорасы алғаш рет дауыс беруге жіберілді, өйткені бұған дейін оларға шетелде дауыс беруге тыйым салынған болатын.

Ливандағы Парламент сайлауы төрт жылда бір рет өткізіледі, онда орындар христиандар мен мұсылмандар арасында тең бөлінеді. Өз кезегінде, бұлардың жартысы әртүрлі конфессиялардан тұрады: сунниттер, шииттер, друздар, алавиттер және марониттер, православие, католиктер және басқалар.

Қазан айында Парламенттің жаңа құрамы Президенттің қазіргі Мемлекет басшысы Мишель Аунның өкілеттік мерзімі аяқталғаннан кейін сайлайды.