Жергілікті басылымдардың жазуына қарағанда, қауіпсіздік қызметі құсты тексеріп шығып, онда тыңшылық құрылғы жоқ деген тоқтамға келген, ал GPS таратқыш құстың ұшу аймағын ғылыми мақсатта бақылауға ғана арналған.
Ақбасты тазқара күшігендер тобына жатады, Еуропа, Африка және Азияда кездеседі. Кей елдерде саны сиреп кеткендіктен қызыл кітапқа енгізілген.
Жалпы тыңшылық және барлау қызметтері үшін құстарды, жануарларды пайдалану бұрыннан кездеседі. Олардың денесіне бақылау құрылғысымен қатар түрлі жарылғыш заттар да бекітіледі, деп жазады басылым.