— Қақтығыстың шиеленісуі басталғалы бері Ливанда қаза тапқандардың жалпы саны 4 106, ал жараланғандар саны 12 153 адамға жетті, — деп көрсетілген ведомствоның X желісінде жарияланған есебінде.
Онда Израиль әуе күштерінің Ливанның оңтүстігіндегі Набатия ауданында шииттік «Хезболла» ұйымының нысандарына жасаған шабуылдары бір тәуліктің ішінде 49 адамның қаза табуына, тағы 32 адамның жаралануына әкелгені айтылған.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жексенбі күні Израиль авиациясы Али-Тахер биіктіктеріне соққы берген, мұнда шиит жасақтары қорғанып жатыр. Сондай-ақ Кфар-Тибнит қаласы мен Набатия-эль-Фаука маңына дрон шабуылдары жасалғаны туралы ақпарат түскен, соққы салдарынан зардап шеккендер бар. Қазір олардың нақты саны анықталып жатыр.
Айта кетейік, маусым айының алғашқы сенбісінде Израильдің Ливанның оңтүстігіне жасаған соққыларынан кемінде 14 адам қаза тапты.