Ливанда шииттер мен сүнниттердің арасында қақтығыс болды

АСТАНА. Тамыздың 25-і. ҚазАқпарат - Ливанның елордасы - Бейрутте «Хезболлах» радикалды шииттер тобының жақтаушылары мен «Әл-Ахбаш» сектасының сүнниттік фундаменталистерінің арасында қақтығыс орын алды, деп хабарлайды «Азаттық» радиосы.

Ливан өкіметінің хабарлауынша, басында кішігірім кикілжіңнен басталған қақтығыстың соңы қару қолданылған ұрысқа айналған. Оқиға салдарынан үш адам қаза болды, тағы бірнеше адам жарақат алды. Атыс-шабыс кезінде гранатаатқыш та қолданылған. 4 сағатқа созылған атыстың барысында, тек құдай сақтап қана, көп кісі құрбандығы болмаған.

Бұл - сүнниттер мен «Хезболлах» жақтаушылары бірі-біріне оқ ашқан 2008 жылдың көктеміндегі оқиғадан бергі ең қанды қақтығыс.