Ливанда «шпион» құсты қолға түсірді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қорықтан қашып кеткен израильдік құзғынды Ливанда шпиондыққа қатысы бар деп ұстаған болатын. Құс бостандыққа жіберілді.

Израиль табиғатты қорғау агенттігінің хабарлауынша, құзғын осыдан үш күн бұрын қорықтан қашып кетіп, израиль-ливан шекарасынан ұшып өткен. Оны шекарадағы ливандық Бинт-Джубайль қаласының тұрғындары ұстап алған.

Құстың аяғындағы Тели-Авив университетінің таңбасы бар GPS-трекерді көрген жергілікті тұрғындар құс тыңшылық мақсатпен жіберілген деп есептеген. Олар құзғынды бағанаға байлап қойған.

Ливан БАҚ-тарының хабарлауынша, оның тыңшылыққа қатысы жоқтығын білгеннен кейін босатып жіберген.