Ливанда жанкешті әскерилерді өз отбасымен қосып жарып жіберді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливанда жанкешті өз үйінде жарылғыш затты іске қосты, құрбандар мен жараланғандар бар, деп хабарлады Daily Star газеті.

Оқиға ел солтүсігінде күдікті экстремистің үйіне әскерилер кіріп келгенде болған. Қауіпсіздік органдары дереккөздеріне сүйенсек, қаза тапқандардың арасында лаңкес пен оның отбасы мүшелері де бар. РИА «Новости» хабарлағандай, әскерилерді қосқанда, кемі алты адам зардап шеккен.

Еске сала кетейік, 12 қарашада Ливан астанасы Бейруттің оңтүстігінде адам көп жиналған орында жанкештілер екі рет лаңкестік жасаған болатын. Ливан БАҚ-тарының хабарлауынша, ол оқиғада 43 адам қаза тауып, 239 адам жараланды. Қанқұйлы әрекетті «Ислам мемлекеті» содырлары жасаған.