Ливандағы құм бораны екі адамның өмірін қиып кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Ливанда құм бораны кезінде екі әйел қаза тапты, деп хабарлайды араб БАҚ-тары.

Ливан елінің Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметтерінше, әйелдер Бекаа аңғарындағы ауруханада көз жұмған. Көптеген адамдарға медициналық көмек көрсетілді. «Тұншығу оқиғаларының саны 750-ге жақындады», - делінген министрліктің мәлімдемесінде.