Ливандағы президенттік сайлау 17-ші рет кейінге қалдырылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ливандағы президенттік сайлау 17-ші рет кейінге қалдырылды, деп жазады khabar.kz.

Дауыс беру науқаны кворумның жетіспеушілігіне байланысты ауыстырылды.

Президент сайлауын ливандық бірпалаталы парламент депутаттары осымен 17-ші рет кейінге қалдырып отыр. Спикер Набих Берри сәрсенбі күні кворумның жетіспеушілігіне байланысты сайлауды 28 қаңтарға ауыстырды.