АСТАНА. 16 қаңтар. ҚазАқпарат - Ливанның солтүстік-шығысындағы Хермель қаласында болған жарылыстың салдарынан кем дегенде төрт адамның өмірі қиылып, 15-ке жуығы жарақат алды.
Шетелдік БАҚ-тың жазуынша, бұл аудан «Хезболла» қозғалысының қадағалауында. Алдын ала мәліметтер бойынша жарылғыш зат автокөлікте орналастырылған.
Зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, көлік үкіметтік ғимараттың маңындағы екі банктің ортасында жарылды.
2013 жылдың мамырында Хермель қаласына Сириядан келген содырлар оқ жаудырып, бірнеше бейбіт тұрғын жарақат алған болатын.
Руслан Ғаббасов
Ақмола облысының Біржан сал ауданында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің журналистика факультетін бітірген. 2005 жылдан бері «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігінде жұмыс істеп келеді.