Ливанның шығысында Израиль соққысынан бес адам қаза тапты

АСТАНА.KAZINFORM - Израильдің Ливанның шығысындағы Баалбек қаласына жақын орналасқан Эль-Хадер ауылына жасаған соққысы салдарынан бес адам қаза тапты, деп жазады ТАСС.

Фото: Aziz Taher/REUTERS

Зардап шеккендер арасында екі әйел мен бір бала бар.

23 қыркүйекте Израиль Ливандағы «Хезболла» қозғалысының құрылымдарына қарсы «Солтүстік жебелері» әскери операциясын бастады, оның барысында қозғалыстың әскери нысандарына жаппай соққы берді. Белгіленген мақсат - еврей мемлекетінің солтүстік шекаралас аймақтарында ондаған мың тұрғындардың оралуы үшін қауіпсіз жағдай жасау.

27 қыркүйекте Израиль соққыларының бірінің нәтижесінде Бейрутте «Хезболла» ұйымының бас хатшысы Хасан Насрулла өлтірілді.

1 қазанға қараған түні Израиль армиясы Ливанның оңтүстігіндегі шекаралас аудандарда құрлық операциясы басталғанын хабарлады.