АСТАНА. KAZINFORM — Jibek joly телеарнасы Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаянның Ақордаға сапарын тікелей эфирде көрсетіп жатыр.
Абу-Дабидің Тақ мұрагері шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл-Нахаян елордаға кеше келді. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Тақ мұрагерінің Қазақстанға ат басын бұруы – Астана мен Әбу-Даби арасындағы стратегиялық серіктестіктің маңызды қадамы. Осы арқылы қос тарап сенім мен құрметке негізделген өзара іс-қимылды жалғастыруға бейіл. Келіссөздер барысында саяси-экономикалық және инвестициялық мәселелердің болашақ даму әлеуеті талқыланбақ. Сапар қорытындысы бойынша екі мемлекет арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған бірқатар құжатқа қол қою жоспарланып отыр.
Kazinform тілшісі сапардың маңызы мен екіжақты қатынастың даму бағдарын сараптап көрген еді.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.