LIVE: Астанада Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр

Фото: Фото: Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Астанадағы Тәуелсіздік алаңында Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтіп жатыр. Салтанатты шеруді Jibek Joly телеарнасының тікелей эфирінен көруге болады.

Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты іс-шараға 4 000-нан астам әскери қызметші, 200-ден астам әскери техника, сондай-ақ майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиацияның 66 ұшағы мен тікұшағы қатысады.

Елордада өтетін ауқымды әскери парад қарсаңында Кazinform агенттігінің тілшісі еліміздің Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Мереке Көшекбаевпен тілдескен еді. Ол Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парадқа басшылық жасамақ. Генерал дайындық барысының егжей-тегжейімен бөлісіп, биылғы еліміздің басты әскери оқиғасы несімен таң қалдыратынын айтып берді.