АСТАНА. KAZINFORM – V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астанада 8-13 қыркүйек аралығында өтті. Оған әлемнің 89 елінен 2500-ден астам қатысушы қатысты.
Ойындар бірнеше жерде өтті: «Думан» қонақ үйі, «Қазанат» ипподромы, этноауыл, Ж. Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайы және «Алау» мұзайдыны мен «Астана Арена» кешенінде.
Ойындарға қатысушылар мен қонақтарды қабылдау үшін 20 қонақүй мен 331 көлік құралы қарастырылған. Медициналық штабта 150 медициналық қызметкер, 23 ветеринар жұмыс істеді. 1 300 волонтер қызмет атқарды. Сондай-ақ БАҚ-қа арналған аккредитацияға жалпы 64 елден 1 185 өтінім түскен.
Бұған дейін ойындар дирекциясы бюджеттің қысқаруына байланысты шараның салтанатты шаралар мен көрерменсіз хаттамалық форматта өтетінін түсіндірген болатын.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.