LIVE: Грузия премьер-министрінің Қазақстанға ресми сапары

АСТАНА. KAZINFORM - Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанға ресми сапармен келген Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзені қарсы алу рәсімі басталды.

Фото: Kazinform

Сондай-ақ, бүгін осы ресми сапар аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Грузия Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мака Бочоришвилимен кездесті. 

Кездесу барысында тараптар Қазақстан мен Грузия арасындағы ынтымақтастықтың қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, сондай-ақ ең жоғары және жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын талқылады.

Айта кетейік, сәуір айында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Ермек Көшербаев Тбилисиге ресми сапармен барған еді. Ермек Көшербаевты Грузия президенті Михаил Кавелашвили қабылдап, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастық қарқынды дамып келе жатқанын атап өткен болатын.