Тікелей эфирде алғашқы тарихи Құрылтай сайлауына қатысатын 7 саяси партияның өкілдері кездеседі. Олар:
- «Ақ жол» партиясы — Бек-Мұхамед Жаукебаев пен Ермек Әбілдин;
- ЖСДП — Лариса Ли мен Нұрайнаш Камалова;
- «Әділет» партиясы — Айжан Аймағанова мен Мәди Мырзағараев;
- Қазақстан Халық партиясы — Жандос Бидайбеков пен Ирина Смирнова;
- «Ауыл» партиясы — Жазира Сұлтанқұлова мен Ерболат Саурықов;
- «Байтақ» партиясы — Амалбек Өміртай мен Алмат Тұртаев;
- Respublica партиясы — Олжас Құспеков пен Динара Шүкіжанова.
Теледебаттың тақырыбы: «Заң мен тәртіп — әділетті Қазақстанның негізі».
Тікелей эфир барысында көрермендер экрандағы QR-код немесе WhatsApp арқылы пікірталасқа қатысушыларға өз сұрақтарын жолдай алады.
Дебат аяқталғаннан кейін тікелей эфирде «Ашық студия» саяси ток-шоуы эфирге шығады. Сарапшылар пікірталастың негізгі сәттерін, қатысушылардың сөзін және дебаттардың сайлау науқанына ықпалын талдайды.
Еске сала кетейік, партиялар теледебатта қай ретпен сөйлейтіні кеше жеребе тарту рәсімінде анықталған еді.