LIVE: ҚР Құрылтайының отырысы

АСТАНА. KAZINFORM - Астанада ҚР Құрылтайының үшінші отырысы өтіп жатыр. Онда депутаттар бірқатар заң жобасын талқыға салады.

Фото: Kazinform

Депутаттар бірінші оқылымда екі заң жобасын қарайды.

  • 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстанның қосылуы туралы хаттамаға қосымша саналатын Көрсетілетін қызметтер бойынша Қазақстан Республикасының ерекше міндеттемелерінің тізбесіне өзгерістерді ратификациялау жобасы;
  • Қазақстан мен Сербия Үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасы.

Сондай-ақ Депутаттар Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру мәселесін де қарастырады.

Айта кетейік, елімізде заң шығару бастамасы құқығы тек қана Құрылтайда көтеріледі және заң жобалары үш оқылымда қаралады