АСТАНА. KAZINFORM — Парламент палаталарының бірлескен отырысы басталды. Жиынға Сенат пен Мәжіліс депутаттары, орталық мемлекеттік органдар басшылары, Ұлттық құрылтай мүшелері, қоғам өкілдері мен еңбеккерлер қатысып отыр.
Сарапшылардың пікірінше, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына биылғы Жолдауы стратегиялық маңызы бар бағыттарға арналады. Оның ішінде мемлекеттік басқару мен экономикада тиімділігін дәлелдеген цифрландыру мен жасанды интеллекті енгізу мәселелері басты орынға шығады. Сонымен қатар ішкі нарықты дамыту, жоғары қосылған құны бар өнім өндіруді ынталандыру, азық-түлік, энергетикалық және көлік қауіпсіздігін нығайту мәселелеріне басымдық беріледі. Денсаулық сақтау, білім беру және экология саласындағы әлеуметтік реформаларға да ерекше назар аударылмақ.
Айта кетейік, Жолдаудың онлайн трансляциясы Jibek Joly эфирінде, сондай-ақ телеарнаның YouTube арнасында жүріп жатыр.
Kazinform сайты тікелей эфирмен қатар, жазбаша трансляция да жасайды.
Сондай-ақ Жолдау мәтінін агенттіктің телеграм арнасынан оқуға болады.
Гүлнұр Ғазизқызы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ журналистика факультетінің түлегі. Еңбек жолын «Қазақ әдебиеті», «Сақшы» газеттерінен бастаған. «Дала мен Қала» республикалық қоғамдық-саяси апталығында тілші, жауапты хатшы болып істеді. «Қазақстан-Ақтау» телеарнасының тілшісі, «Қазақстан» Ұлттық арнасының Маңғыстау облысындағы меншікті тілшісі, Маңғыстау облысы әкімі баспасөз қызметінің бас маманы, «Қазақстан» РТРК» АҚ Маңғыстау облыстық филиалы директорының орынбасары – бас редакторы болды.
Ақпарат саласының үздігі.
«ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылғы 1 сәуірден бастап істейді. Kazinform халықаралық ақпарат агенттігі басқарушы директорының орынбасары – қазақ редакциясының бас редакторы.