Анкарада мемлекеттер басшылары кеңейтілген стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға бағытталған келіссөздер жүргізеді. Сондай-ақ Қазақстан Президенті Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитіне қатысады.
Еске салсақ 28-30 қазан күндері Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркия Республикасына ресми сапармен баратыны туралы жазған едік.
Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымы геосаяси жоба немесе әскери ұйым емес екенін Түркі мемлекеттері ұйымының Түркістанда өтіп жатқан бейресми саммитінде мәлімдеді.