Түркия басшысы Астанаға ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен келді және сапары 13-14 мамыр күндеріне жоспарланған.
Мемлекет басшылары екіжақты байланыстардың қазіргі жай-күйі мен перспективасын талқылайды. Сондай-ақ президенттер Қазақстан мен Түркия арасындағы Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің алтыншы отырысын өткізеді.