Ливерпульдің тамаша жеңісі мүгедекті аяғынан тік тұрғызды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионатының ширек финалында Ливерпуль Дортмундтың Боруссия футболшыларын жеңіп, жартылай финалға өтті, деп хабарлады https://ufootball.info.

Еске сала кетейік, Юрген Клопптың жігіттері өз алаңындағы ойынында 4:3 есебімен жеңісті жұлып алды.

Деян Ловреннің жеңісті голынан кейін Қызылдықтардың мүгедек арбасында отырған фанаты ештеңе болмағандай, аяғынан  тік тұрып кетті.