НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Англия Премьер-лигасында «Ливерпуль» командасы жеті тур бұрын чемпиондық атаққа қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Ливерпуль» басты қарсыласы - «Манчестер Сити» клубынан 23 ұпайға озып кеткен болатын. Соңғы турда «Ливерпуль» «Кристалл Пэлас» командасын 4:0 есебімен ойсырата жеңсе, «Манчестер Сити» «Челсиге» 1:2 есебімен есе жіберді. Осылайша, биылғы чемпион анықталды.
Айта кетерлігі, «Ливерпуль» чемпиондық атаққа қол жеткізу жөнінен рекорд орнатты. Ол жеті тур бұрын алтын медаль тағдырын шешіп қойды. Бұдан бұрын 2001 жылы «Челси», 2018 жылы «Манчестер Сити» бес тур бұрын чемпион атанған болатын.
Естеріңізге сала кетелік, «Ливерпуль» 30 жылдан кейін жеңімпаз тұғырынан көрініп тұр. Олар соңғы рет 1990 жылы чемпион атанған еді.
Бұдан бұрын футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионаты: Еуропалық іріктеудің ережесі бекітілді.
Әділжан Үмбет
1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің журналистика факультетін тәмамдаған. Еңбек жолын 1996 жылы Алматы қалалық «Алматы ақшамы» газетінде бастады. Одан кейін жылдарда Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде, «Ақмешіт ақшамы», «Сыр бойы» газеттерінде қызмет атқарып келеді.
2015-2020 жылдарда «Ақмешіт апталығы» газетінің бас редакторы болды.
Негізгі қызметімен қосып 2006-2014 жылдарда республикалық «Жас Қазақ», «Алаш айнасы» газеттерінің Қызылорда облысындағы меншікті тілшісі болып еңбек етті.
2018 жылдан бері «Kazinform» ақпарат агенттігінде Қызылорда облысындағы меншікті тілші.