— Қытайға біржақты тарифтік жеңілдіктер болмайды. Президент Қытайдың АҚШ-пен келісім жасауы қажет екенін түсіндірді. Қытай үшін тарифтердің қандай болатынын президент шешеді, бірақ біз Қытай тарапының тарифтерді төмендеткенін және сауда кедергілерін алып тастағанын көруіміз керек, — деді ол.
Айта кетейік, Қытай АҚШ баж салығын айналып өту үшін өз тауарларын Оңтүстік Корея өнімі ретінде көрсетіп жатқанын жаздық.
Сондай-ақ, Қытай АҚШ-тан сұйытылған табиғи газ сатып алуды тоқтатты.
АҚШ пен Қытай сауда келісіміне 3-4 аптада қол жеткізе алады деген болжам бар.
Қытайдың мұнай өңдеу зауыттары сауда шиеленісі ушығып тұрған шақта АҚШ мұнайын сатып алуды шамамен 90%-ға қысқартып, канадалық шикі мұнайды импорттауға көше бастады.