«Бүгін болған оқиға мүлдем ақылға сыймайды. Әскери ұшақтар мен тікұшақтар ешбір қараусыз аудандарға оқ жаудырып жатыр. Қаза болғандардың сан көп», - деді Al-Jazeera телеарнасының тікелей эфирінде оқиға куәгері Мохаммед Салех.
Ресми ливиялық БАҚ-тар азаматтық тұрғындарды бомбылауды жоққа шығарды. Мемлекеттік телевидение Ливия басшысы Муаммар Каддафидің ұлы Сейф әл-Исламның «қарулы күштер тұрғындар аймақтарынан алыс орналасқан қару қоймаларына ғана соққы жасады» деген сөздерін келтірді.
Құқық қорғау ұйымдарының деректеріне сәйкес, Ливия «төңкерісі» барысында өткен аптада 300-дей адам қаза тапты. Бұл деректерді тексеруге мүмкіндік жоқ, себебі Ливия билігі елге шетелдік жорналшыларға кіруіне тыйым салды, ал мемлекеттік телевидение болса үкіметтік күштер шерушілерге қарсы оқ атқан жоқ деп хабарлауда.