Ливия астанасы Триполи қаласында қақтығыстар басталды

АСТАНА. 21 ақпан. ҚазАқпарат - Ливия астанасы Триполи қаласында ел көшбасшысы Муаммар Каддафидің жақтастары мен қарсыластары арасында қақтығыстар басталды, деп хабарлайды Al-Jazeera арнасы.

Утро.ру агенттігінің жазуынша, мылтық дауыстары естіліп, өрт түтіндері көрініп жатыр. Полиция бүлік шығарушыларды тарату үшін көзден жас шығаратын газ пайдалануда.