Қақтығыстар әуежайға жақын жатқан Каср бен-Гашир ауданында болып жатыр.
Соңғы апта ішінде әуежай үшін қақтығысқа оны бақылауында ұстап отырған генерал Халифа Хафтардың «Зинтан бригадасы» мен исламдық ұйымдасқан топ қатысып жатыр. Ұйымдасқан топ генерал әскерінен халықаралық әуежайды тартып алмақ болған. 18 шілде күні екі тараg оқ атуды тоқтату туралы келісімге келген болатын. Ол кезде атыс салдарынан 30 адам қаза тауып, 40-тан астамы жараланғаны белгілі болған.
Қақтығыстар салдарынан әуежайда орналасқан ұшақтардың 90 пайызы зақымданған.