Шара жергілікті биліктің заңсыз босқындарды депортациялау бағдарламасының аясында жүргізілді. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, олар Ливияға Жерорта теңізі арқылы жеткен. Ал жергілікті билік өткен жылдан бері 1 мыңға жуық келімсекті еліне кері қайтарған.
Бұл істе үкіметке Еуропалық Одақ пен Халықаралық көші-қон ұйымы көмектесіп келеді. Мақсат - Еуропаға ағылған заңсыз босқындармен күресу. Ресми санақ бойынша 2014-2016 жылдар аралығында Жерорта теңізі арқылы кәрі құрлыққа 1 миллион 600 мың мигрант келген.