Ливия көтерілісшілері Каддафиді қоршауға алды

АСТАНА. 7 қыркүйек. ҚазАқпарат - Ливия көтерілісшілері Муаммар Каддафиді қоршауға алды. Оны ұстап, көзін құрту уақыт еншісінде.

Бұл жөнінде сәрсенбі күні Триполи жаңа әскери кеңесінің өкілі Анис Шариф мәлімдеді.

Оның айтуынша, көтерілісшілер Каддафидің жасырынған орнын заманауи технология мен кәсіби барлаудың арқасында анықтаған, деп хабарлайды Associated Press.

«Каддафи қақпанға түсті. Көтерілісшілер оны 40 миль (60 шақырым) радиусында қоршауға алды», - деп хабарлады Шариф.

«Бұл жолы ол қашып құтыла алмайды», - деп қосты ол.

Ливияның бұрынғы басшысын ұстау елде жаңа үкіметтің қалыптасуын біраз жеңілдетеді.