«Ливия қырық құрамды елге айналмақ» - республикалық басылымдарға шолу

None
АСТАНА. 4 сәуір. ҚазАқпарат - Қазақ ақпарат агенттігі республикалық басылымдарда 4 сәуір, сәрсенбі күні шыққан өзекті материалдарға шолуды ұсынады.

***

Премьер-Министр Кәрім Мәсімовтің төрағалы­ғы­мен өткен кешегі Үкімет отырысында «Нашақорлықпен және есірткі бизнесімен күрестің 2012-2016 жылдарға арналған жаңа бағдарламасының» жоба­сы қара­лып мақұлданды. Осы бағдар­лама жөнінде баяндама жасаған Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов мұнда жалпы жиыны 102 іс-шара жоспарының қарас­тырылып отыр­ғандығын айтып өтті. Бұл шаралар үш бағыт бой­ынша жүр­гізілмек. Бағдарламаны жүзеге асыруға жұмсалатын шы­ғын көлемі 6 миллиард 167 миллион теңгені құрайтын болады. «Жаңа бағдарламаны жүзеге асы­ру ел ішіндегі есірткі айналымын айтарлықтай шектейді, біздің еліміз арқылы оның тасымалдануын қысқартады және елімізде есірткімен кү­рес­ті пәрменді ете тү­се­тін бола­ды», деп атап көрсетті Қ.Қа­сы­мов. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Есірткімен күреске ерекше екпін берілмек» атты мақаладан оқыңыздар.

Осы басылымның жазуынша, Атырауда Парламент Сенатының депутаты, «Нұр Отан» ХДП жанындағы Жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық к­е­ңес­тің төрағасы О.Әбдікәрімовтің төрағалы­ғы­мен «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Онда атал­ған қоғамдық кеңес ұсыныстарының Атырау облысында орындалуы мәселесі қаралды. Рес­пуб­ликалық қоғамдық кеңестің сараптама ком­ис­сия­сы Атырау облысында бұған дейінгі анықтаған кемшіліктерді түзету жұмысы жүр­гізіліп, облыс және аудан әкімдері, сонымен бірге, аймақтың басқа да мемлекеттік құры­лымдары жемқорлыққа қарсы шараларды қолға алуда. Алайда, мұнайлы аймақтағы жемқорлық дең­гейінің өсуіне әсер етіп отырған келеңсіз үрдістер әлі де болса еңсеріле қоймаған. Қол­дағы мәліметке қарағанда, мемлекеттік қыз­мет­шілер мен мемлекеттік қызмет атқаратын тұлға­лар тарапынан жасалған қылмыстар саны әлі де болса жоғары деңгейде қалып отыр. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» басылымының бүгінгі санындағы «Бұл дерт неге еңсерілмейді?» атты мақаладан кеңірек білесіздер.

***

Қазақ еліне оңтүстіктен қауіп төніп тұр! Сондықтан кеше, түс ауа, Министрлер кабинетінің отырысында Үкімет мүшелері оңтүстіктегі шекараны бекіту туралы бірауыздан шешім қабылдады. Ал, оңтүстікте Қазақстан Өзбекстанмен (2300 шақырым), Қырғызстанмен (980 шаырым) және Түркіменстанмен (380 шақырым) шектесетіні мәлім. Оңтүстіктегі шекараны қымтау неге қажет болды? Бұл сауалдың жауабын «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Шекараны қымтайтын болдық!» атты мақаладан таба аласыздар.

Сондай-ақ осы басылымның жазуынша, заманында Муаммар Каддафи түйілген жұдырықтай етіп ұстаған елі, бүгінде қырық пышақ болып, тартысып, берекесі кете бастады. Түбі бірнеше кішігірім мемлекет болып бөлініп кетуі де ғажап емес. Ливиялықтардың баяғы күні ұжмақтай болып, көзден бұл-бұл болып ұшқалы қашан. Ливия үшін Каддафидің орны бөлек екені білініп қалды Каддафи кім еді? Бұл жайлы «Айқын» басылымының бүгінгі санындағы «Ливия қырық құрамды елге айналмақ» атты мақаладан білуге болады.

***

Өткен жылғы қыста ел аумақтарында қар аз түсіп, ауа райы өте суық болды. Нәтижесінде мамандар биылғы жылы егістікке қажетті ылғал өте аз деген пікірде. Сондықтан да биылғы жылы науқан кезінде мүмкіндігінше, дәнді дақылдардың құрғаққа төзімді түрін егу тиімді. Сонымен қатар ресурсты үнемдеу технологияларын кеңінен пайдаланған жөн. Дегенмен мамандар биылғы жылы 15 миллион тонна астық жинаудан дәмелі. Бұл туралы кеше алдағы уақыта елде жүргізілетін егін егу науқанымен байланысты мәселелер жөніне журналистермен баспасөз мәслихатын өткізген ауыл шаруашылығы министрлігінің өкілдері мәлім етті. Олардың ой-пікірлерімен және мәліметтерімен танысқыңыз келсе, «Казахстанская правда» басылымының бүгінгі санындағы «Помогут технологий» атты мақаланы оқыңыз.